Оқиға Naiza FC 55 турнирінде болған
UFC және MMA жекпе-жектерінде комментатор болып жұмыс істейтін Давид Багдасарянды қазақстандық файтер Гамлет Асланов теуіп жібере жаздады. Бұл сәт түсірілген видеоны Багдасарян өзінің Instagram-парақшасында бөліскен.
Асланов қырғыз Элдияр Алымсеитовты Naiza FC 55 турнирінде жеңгеннен кейін Багдасарян қазақстандық спортшыдан «сені неге ван Дамм деп атайды» деп сұраған. Сол сәтте Гамлет аяғын комментатордың бетіне дейін апарып көрсетеді.
«Менің басыма сол сәтте қауіп төнді. Тағы бір нокаут болуы мүмкін еді, сақалым құтқарып қалды», - деп жазды Багдасарян өзінің Instagram-парақшасында.