Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Асу Алмабаевтың ең қауіпті қарсыластары кім?

22.10.2024, 09:18

Қазақ файтері чемпиондық жекпе-жекке қашан шығатыны айтылды

Асу Алмабаевтың ең қауіпті қарсыластары кім?
Jeff Bottari/Getty Images

Өткен аптада Лас-Вегаста өткен UFC кешінде кезекті жеңісіне жеткен қазақ файтері Асу Алмабаев (21-2) октагонда тұрып Дана Уайттан чемпиондық титулға төбелесуге мүмкіндік беруін сұраған еді. Алайда, оның бұл арманы жақын күндері орындалмайтын секілді. 

Еуропалық белгілі инсайдер, Eurosport Nederland журналисі Марсель Дорфф Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында Асудың ең қауіпті қарсыластары және чемпиондық белбеу үшін болатын жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді.

«Аса жеңіл дивизионда Асу Алмабаевқа америкалық Брэндон Ройвал мен жапон Тацуро Тайра қауіпті қарсылас болады. Сондай-ақ, мексикалық Брэндон Морено да бұл тізімде бар.

Ал, чемпиондық титулға төбелесуге оған әлі ерте. Ол тағы кемі екі жекпе-жек өткізуі тиіс», - деді журналист.

Айта кетейік, Асу соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Матеус Николауды жеңген болатын. UFC рейтингінде Асу 14-орында болса, Матеус 7-ші тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам