Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Асу Алмабаев UFC рейтингінде бірден 7-ші орынға көтерілді

22.10.2024, 10:38

Оның чемпиондық титулға төбелесуге мүмкіндігі артты

Асу Алмабаев UFC рейтингінде бірден 7-ші орынға көтерілді
Getty Images

Өткен аптада Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 245 турнирінде жеңіске жеткен қазақ файтері Асу Алмабаев рейтингте 14-ші орыннан бірден жетінші орынға көтерілді.

UFC осы турнирден кейін барлық салмақ бойынша рейтингін жаңартқан. Бразилиялық Матеус Николауды жеңген отандасымыз алдын ала болжанғандай, ТОП-10 қатарына кіріп отыр.

Аталған жекпе-жекке дейін Асу UFC рейтингінің 14-ші сатысында тұрса, бразилиялық Матеус Николау жетінші орында болған. Енді ол оныншы орынға сырғып, өз орнын Асуға берді.

Асу Алмабаев UFC-де осымен төрт жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Соңғы кездесуінен кейін ол UFC басшысы Дана Уайттан чемпиондық титул үшін төбелесуге мүмкіндік беруді сұрады. Алайда, спорт сарапшыларының сөзінше, Асуға белбеу үшін жекпе-жек өткізуге әлі ерте. Ол кемі тағы екі жекпе-жекте жеңіске жетуі керек дейді олар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам