Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Шавкат Рахмоновтың UFC чемпиондығына таласатын жекпе-жегі өтпейтін болды

31.10.2024, 17:07

Vesti.kz басылымына ақпаратты спортшының өкілі растаған

Шавкат Рахмоновтың UFC чемпиондығына таласатын жекпе-жегі өтпейтін болды
sports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек Шавкат Рахмонов (18-0) пен жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) арасындағы кездесу өтпейтін болды.

Vesti.kz басылымына ақпаратты спортшының өкілі растаған. Сөйтіп 310 турнирінің басты жекпе-жегі саналған Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммед арасындағы чемпиондық шайқас өтпейтін болды. Бірақ UFC басшылығы бұған қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.

Айта кетейік, кездесу 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған болатын. 

Рахмонов соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Мухаммад осы жылдың шілде айында Англияның Манчестер қаласында өткен UFC 304 турнирінде британиялық Леон Эдвардсты төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 4
Ашулану 5
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам