Шавкат желтоқсанға жоспарланған жекпе-жектің болмайтынына қарамастан жаттығуын тастаған жоқ
Әлеуметтік желіде Шавкат Рахмонов пен Камару Усманның бір залда жаттығып жүрген суреттері тарады. Бірақ екеуі Kill Cliff-те кездеспейді, оларды бапкер Генри Хуфт қана байланыстырады.
Хуфт Усманды UFC-дегі дебюттен бастап белбеуге дейін жеткізді. Дегенмен, Камару мен Гилберт Бернс арасында 2021 жылы өткен айқастан соң екеуі екі жаққа кетті. Хуфт спарринг-қарсыластардың ешқайсысын таңдамай, олардың дайындығына да араласқан жоқ. Сол жекпе-жек Усманның нокаутымен аяқталған.
Содан бері Камару Колорадода Тревор Уиттманмен дайындалады, ал Kill Cliff-ке тек маусым арасында келіп-кетеді. Былтыр Хамзат Чимаевпен айқас алдында Усман Хуфттен көмек сұрап, ол бұрынғы шәкіртін қолдау үшін тіпті Абу-Дабиге барған.
Бүгінде Хуфт Шавкаттың АҚШ-та өткен айқастарында бұрышта тұрады. Ал Камарумен ол Kill Cliff залында ғана ара-тұра кездесіп, соққыларын тексереді.
Бір қызығы, Шавкаттың UFC 310 турнирінде уақытша атақ үшін кез келген спортшымен төбелесуге дайын екендігін білген Усман Белал Мухаммадтың орнын баса алатынын аңғартқан. Белал болса жарақатына байланысты Шавкатпен болуы тиіс чемпиондық жекпе-жекті кейінге қалдырды.