Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Күтпеңіздер»: Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев төбелеспейді – MMA менеджері

13.12.2023, 22:10

Екеуі екі салмақта төбелесіп жүр

«Күтпеңіздер»: Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев төбелеспейді – MMA менеджері
twitter.com/mma_lockerroom

UFC лигасының қос мықтысы – қазақ Шавкат Рахмонов (17-0) пен ресейлік Хамзат Чимаев (13-0) арасындағы көптен күткен жекпе-жек болмайды дейді MMA менеджері Саят Әбдірахманов.

Vesti.kz порталына сұхбат берген маман бұл жекпе-жектің неліктен болмайтынын түсіндірді.

«Мен бұған дейін айтқанымдай, Хамзат жоғары категорияға өтіп, орта салмаққа ауысты. Шавкат болса жартылай орта салмақта жүр. Менің ойымша, Хамзаттың Шавкатпен, Шавкаттың Хамзатпен төбелесетін зауқы жоқ. Екеуінің де өз салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу алу мақсаты бар.

Жартылай орта салмақта Хамзатсыз-ақ мықтылар өте көп. Егер біз болашақта чемпиондық титул алып, оны қорғауды мақсат етсек, онда Иэн Гэрри, Джек Делла Маддалена, Майкл Моралес, Ренат Фахретдинов секілді мықтылармен төбелесуі керек болады. Бұлардың ешбірі жеңіліп көрмеген. Сондықтан, алдағы уақытта Рахмоновты өте қызықты әрі тартысты жекпе-жектер күтіп тұр», - деді Әбдірахманов.

Айта кетейік, қазақстандық файтер 17 желтоқсанда (Астана уақытымен – авт.) Лас-Вегаста UFC лишасындағы алтыншы жекпе-жегін өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам