Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Америкалық UFC файтері Шавкат Рахмоновты балағаттады

14.12.2023, 09:16

Шавкат Рахмонов қазір Лас-Вегаста келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Америкалық UFC файтері Шавкат Рахмоновты балағаттады
FightTime

Аралас жекпе-жектен АҚШ өкілі Колби Ковингтон (17-3) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты балағаттады деп жазады Tengri Sport.

Ковингтон жартылай орта салмақта UFC чемпионы болуға екі рет үміткер болған. Алайда, екеуінде де жеңілген. Ол 29 жастағы қазақ спортшысын «атжалман» деп, оның төбелесе алмайтынын айтқан.

«Сайтан алғыр атжалман, Рахмонов. Мен ол туралы дым айтқым келмейді. Ол жай ғана хайп қуған біреу, әлі мықтылармен төбелесіп көрмеген. Біз ол туралы түк білмейміз, сондықтан ол біздің назар аударуымызға да тұрмайды», - деп мәлімдеді Колби UFC ұйымдастырған сұхбат барысында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов қазір Лас-Вегаста келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. 17 желтоқсанда (Астана уақытымен - авт.) ол америкалық файтер Стивен Томпсонмен (17-6-1) төбелеседі.

Бұл UFC кешінің басты картында Леон Эдвардс пен Колби Ковингтон кездеседі. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам