Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Жалғас Жұмағұлов Oktagon чемпионын жекпе-жекке шақырды

10.11.2024, 11:33

Чемпиондық белбеу ағылшын Сэм Кризиге (19-5) тиесілі

Жалғас Жұмағұлов Oktagon чемпионын жекпе-жекке шақырды
instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов чехиялық Oktagon чемпионын жекпе-жекке шақырды.

Oktagon-да өзінің алғашқы айқасын өткізіп, рейтинг бойынша үшінші орындағы уэльстік Аарон Абиді сенімді түрде жеңген Жалғас енді чемпиондық атаққа таласпақ. 57 келіде чемпиондық белбеу өзінің құрдасы – 36 жастағы ағылшын Сэм Кризиге (19-5) тиесілі. Кризи бұл атаққа 20 сәуір күні Аарон Абиді жеңу арқылы қол жеткізді. 

Кризи де Жұмағұлов секілді Oktagon-да бір ғана кездесу өткізген. Бұған дейін ағылшын спортшысы британиялық Cage Warriors турнирінің чемпионы болатын. 

Айта кетейік, чехиялық турнирде Жалғас қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті. Жұмағұлов – Oktagon тарихындағы алғашқы қазақстандық.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам