Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Шавкат Рахмоновты балағаттаған файтер маңызды жекпе-жекте жеңіліп қалды

17.12.2023, 11:28

Қазақ файтері енді чемпиондық белбеуді алу үшін Леон Эдвардспен кездесуі тиіс

Шавкат Рахмоновты балағаттаған файтер маңызды жекпе-жекте жеңіліп қалды
Чемпионат.ру

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 296 турнирі мәресіне жетті. Жекпе-жек кешінің басты оқиғасы саналған Эдвардс – Ковингтон кездесуінде британдық файтер жеңіске жетті.

Жартылай орта салмақта чемпиондық титулды сарапқа салған Леон Эдвардс (22-3) пен америкалық Колби Ковингтон (17-4) жоспарланған бес раунд бойы төбелесті. Алғашқы төрт раундта Эдвардс қарсыласынан басым болғандықтан төрешілер жеңісті бір ауыздан британ спортшысына берген. Осылайша ол өзінің чемпиондық титулын қорғап қалды.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында Колби Ковингтон осы салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмоновты балағаттан болатын. Ол қазақ файтерінің әлсіз екенін айтып, оны «сайтан алғыр атжалман» деген.

Ал, Рахмонов болса алдағы уақытта Эдвардс – Ковингтон кездесуінің жеңімпазымен төбелесіп, чемпиондық титулын тартып алуды көздейтінін айтып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам