«Ливерпульге» жеңіс керек емес. «Реалға» жанымыз ашиды. «Мансити» қашан қатарға қосылады?

Шавкат Рахмоновтың жанкүйері, америкалық Лора Санко қазақша үйреніп жүр

10.12.2024, 10:31

ESPN комментаторы және жүргізушісі қазақ спортшысына ерекше ілтипат көрсетті

Шавкат Рахмоновтың жанкүйері, америкалық Лора Санко қазақша үйреніп жүр
Видеодан кадр

ESPN комментаторы және жүргізушісі Лора Санко тымақ киіп, Иэн Мачадо Гэрриді жеңген қазақстандық спортшымен кездесті.

Америкалық журналист Лора Санко Шавкаттың UFC 310 турниріндегі  жекпе-жегінен соң Шавкат Рахмоновпен кездесуге арнайы дайындалған. Лора қазақтың бас киімі тымақты киіп, UFC басшысы Дана Уайтпен бірге «Номадты» дәлізде күткен. Ол тіпті «Сәлеметсіздер ме. Алға, Қазақстан» деген сөздерді үйреніп алғанын көрсетті.

Сондай-ақ Шавкатқа өзі сатылымға шығарған қазақ стиліндегі жейдені сыйға тартты.

Айта кету керек, Лора Санко қазақстандық файтердің жанкүйері ретінде оның өнерін UFC-ге келмей тұрып-ақ бақылап жүрген. One on One YouTube арнасына берген сұхбатында журналист Шавкат Рахмоновты ерекше спортшы санайтынын айтты. Сондай-ақ, Лора оның жекпе-жектерінен ерекше әсер алып, «Номадтың» өнерінде адамды баурап алатын бір құпия күштің бар екенін» атап өтті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам