Нигериялық файтер әлемдің рейтингте Шавкаттан төмен тұр
UFC-де жеңіл салмақта әлемнің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов Белал Мухаммадтың келесі қарсыласына қатысты өз ойын айтты. Америкада тұратын палестиналық файтер 7 желтоқсанда қазақ Шавкат Рахмоновпен төбелесіп, чемпиондық титулын қорғауы тиіс болатын. Алайда, аяғына шыққан жара салдарынан ол жекпе-жектен бас тартты.
Енді Шавкат пен Белал арасында чемпиондық жекпе-жек өте ме деген мәселе қайта көтеріліп отыр. Хабибтің айтуынша, Белал – өте тәжірибелі және дәл қазіргі таңда өз салмағында теңдесі жоқ файтер. Сондықтан оған бір ғана Камару Усман лайықты қарсылық көрсете алуы мүмкін деген болжамын айтты дағыстандық экс-чемпион.
«Мен Белал мен Камарудың арасындағы жекпе-жекті көргім келеді. Жұрттар Камару туралы ойына келгенін айта берсін, бірақ ол қазір осы чемпиондық жекпе-жекке лайықты жалғыз адам. Иә, кезекте Шавкаттың тұрғанын білемін. Бірақ, Камару Джек Делла Маддалена секілді бір файтерді қазір жеңіп, келесі жекпе-жегін чемпиондық титул үшін Белал Мухаммадпен өткізуі тиіс. Ол титулды жеңіп алуы да мүмкін», - деді Хабиб Pound-4-Pound подкастында болған әңгімеде.
Камару Усман ақпан айында расымен де Аустралияға барып, Джек Делла Маддаленамен төбелеседі деп күтілуде. Ал, Шавкат Рахмонов болса 7 желтоқсанда ирландиялық Иэн Гэрриді Лас-Вегаста өткен турнирде жеңді. Ол келесі жекпе-жегін Белал Мухаммадқа қарсы өткізеді деп күтілуде.