Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Шавкат Рахмонов 2024 жылы титулға төбелесе алады – UFC

25.12.2023, 11:28

Спортшының өзі келер жылы Қазақстанға чемпиондық белбеу әкелуге уәде берген еді

Шавкат Рахмонов 2024 жылы титулға төбелесе алады – UFC
Фото ашық дереккөзден

UFC ұйымының ресми сайты Шавкат Рахмоновты келер жылы чемпиондық титул үшін күресетін файтерлердің қатарына қосты. Жерлесіміз соңғы жеңісінен кейін рейтингте үшінші орынға көтерілген болатын.

Еске салайық, 17 желтоқсанда Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды екінші раунда жеңді. Осылайша спорттық мансабында 18 жекпе-жектің бәрінде айқын басымдықпен жеңіске жеткен Рахмонов орта салмақта әлемнің ең мықты үштігіне кірді.

«Қазір Рахмонов рейтингте үшінші орынға көтерілді және 2024 жылы титулды жекпе-жек өткізе алады», - деп жазылған UFC ұйымының ресми сайтында.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам