Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық файтерді өлімші етіп сабаған ресейлік спортшы жанкүйерлерге балағат белгісін көрсетті

25.12.2023, 17:56

Бұл әрекеті үшін ол кешірім де сұраған жоқ

Қазақстандық файтерді өлімші етіп сабаған ресейлік спортшы жанкүйерлерге балағат белгісін көрсетті
Prosports.kz

Аралас жекпе-жектен ресейлік шебер Али Багов (33-11) АСА 168 турнирі аясында қазақстандық Артем Резниковпен (24-8) кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Төреші жекпе-жекті тоқтатқан сәтте Багов октагонға қарғып мініп, жанкүйерлер тарапына қолымен жағымсыз белгі көрсетті.

Әлеуметтік желі қолданушылары ресейлік файтердің бұл әрекетін қатаң сынға алды. Артынша оның өзі ақталып сұхбат берді.

«Иә, мен төбелестен кейін эмоцияға беріліп, қолмен жағымсыз әрекет жасадым. Бірақ, мен мұны қарсыласыма немесе оның жанкүйерлеріне емес, өз жанкүйерлеріме көрсеттім. Бұған дейін олардың көбі маған «біз үшін Резниковты жазала, ол тым көп сөйлейді» деп жазған болатын. Мен істі жаптым деген сыңайда көрсеттім.

Менің қарсыласым да мен секілді ауыр жаттығу жасайды, салмақ қуады, сондықтан мен оны құрметтеймін», - деді Багов Fight Time тілшісіне берген сұхбатта.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам