Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық ММА чемпионы АҚШ-та оқыс жағдайға тап болған

25.01.2025, 20:19

Ол құжаты мен ақшасын жоғалтып алған

Қазақстандық ММА чемпионы АҚШ-та оқыс жағдайға тап болған
instagram.com/alibi_idiris

Қазақстандық ММА шебері әрі UFC аясындағы реалити-шоу қатысушысы Әлиби Ыдырыс «Naiza TV» YouTube арнасына берген сұхбатында АҚШ-қа сапарында құжаты мен ақшасынан қалай айырылып қалғанын еске алды.

— Бұл өзі қызық оқиға. Біз Майамиге ұшып келдік. Өзіммен бірге сөмкемді алдым, оның ішінде паспорт, Kaspi-карта және пәтерге төлейтін 3 мың долларым болған. Жаттығуға арналған киім алуға бардық. Үлкен дүкен екен. Киім ауыстыратын бөлмені кілтпен ашып, тез жабады. Адам көп, бәрі киім ауыстырып жатыр. Жейде тауып алып, қалай тұрғанын көру үшін 50 метр жердегі айнаға қарай бардым. Қайтар жолда Жако (Жалғас Жұмағұлов): «Балмұздақ жейік, біз сол жерде отыра тұрамыз» деді. Келіп жейдемді киіп жатсам, сөмкем жоқ. Еш жерде жоқ. Жакоға хабарластым. Ол алмағанын айтты. Бейнебақылау камераларынан екі қара жігіттің сол жерге кіріп, бәрін ұрлап кеткенін көрдік. Паспортты қайта алу үшін Вашингтондағы елшілікке пошта арқылы өтініш жаздым. Құжатымды жоғалтып алғанымды растайтын қағаз берді. Міне, солай болған. Ақшамның бәрі кетті. Қайта Жако отбасымен еді, он күн солардың үйінде тұрдым. Үлкен ағаларымыз да көмек көрсетті, — деді файтер.

Аса жеңіл салмақтағы Naiza-ның экс-чемпионы (10-0) АҚШ визасын алып,  TUF-тің 33-маусымына қатысуға дайындалу үшін мұхит асады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам