Рахмоновтың бапкері Мухаммадпен кездесуден соң маңызды мәлімдеме жасады

26.01.2025, 13:23

Белал желтоқсанда жарақат алып, кездесуден бас тартқан

Рахмоновтың бапкері Мухаммадпен кездесуден соң маңызды мәлімдеме жасады
instagram.com/said_saparov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (19-0) Kill Cliff FC залындағы бапкері Саид Сапаров оның болашақ қарсыласы америкалық Белал Мухаммадпен (24-3) кездесті.

«Мамырда дайын боламын деп отыр», — деп жазды Сапаров Мухаммад екеуінің суретін Instagram-да салып.

Айта кетейік, Белал Мухаммад - жартылай орта салмақта UFC чемпионы. Ол желтоқсан айында Шавкат Рахмоновпен айқаста чемпиондық атағын қорғауы тиіс еді, алайда жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Сондықтан Шавкат ирландиялық Иэн Гэрримен (15-1) төбелесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Енді Мухаммад — Рахмонов UFC 315 турнирінде өзара кім мықтыны анықтауы тиіс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам