«Рамазан айында төбелеспеймін»: Белал Мухаммад Шавкатпен октагонға қашан шығатынын айтты

07.02.2025, 15:35

Екі спортшы да биыл Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза ұстамақшы

«Рамазан айында төбелеспеймін»: Белал Мухаммад Шавкатпен октагонға қашан шығатынын айтты
Chris Unger/Getty Images

UFC лигасында орта салмақта (77 кг) әлем чемпионы америкалық Белал Мухаммад қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен болуы тиіс жекпе-жектің уақытын айтты.

Қос файтер былтыр желтоқсанда төбелесуі керек болған. Алайда, Белал аяғына жара шыққанын алға тартып, жекпе-жекті кейінге қалдырды. Енді ол қалай болғанда да чемпиондық титулын қорғауы тиіс.

«Рамазан биыл наурызда болады. Мен бұл айды толықтай өзіме арнаймын. Тек содан кейін ғана сәуір айында жаттығуға кірісемін. Сондықтан, біздің жекпе-жекті мамыр айында өткізсе жақсы болатын еді.

Бұрындары мен чемпиондық титул үшін төбелесіп жүргенде Рамазан айында да жекпе-жекке шыға беретінмін. Ал, қазір менде титул бар, яғни таңдау жасай аламын. Ал, менің таңдауым – Рамазан айында төбелеспеу. Бұл мен үшін оңай емес, тіпті қиын», - деді Белал MMAJunkie.com сайтына берген сұхбатында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды18
Ұнамайды4
Күлкілі5
Ашулану4
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Жүктелуде
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам