Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең болды»: Асу Алмабаев UFC басшылығына үндеу жасады

06.02.2025, 09:42

Ол 1 наурызда кезекті жекпе-жегін өткізеді

«Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең болды»: Асу Алмабаев UFC басшылығына үндеу жасады
UFC

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Майамидегі (АҚШ) оқу-жаттығу жиынынан әлеуметтік желіде эмоциялық жазба қалдырды.

 «Мен жоспардағы кез келген өзгерістерге дайынмын, кіммен төбелесетінім маңызды емес. Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең жеңдім дей бер»,-  дейді спортшы.

Еске салайық, қазақстандық файтер бұған дейін АҚШ-қа барып, онда бразилиялық Аллан Насиментомен (20-6) жекпе-жекке дайындала бастаған еді. Жекпе-жек 1 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Vegas 103 турнирінде өтеді деп жоспарланған. Алғашында Алмабаев аустралиялық Стив Эрсегпен жұдырықтасуы керек еді, бірақ ол Мексикадағы турнирге қатысу үшін жекпе-жектен бас тартты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам