Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық MMA шебері допингпен ұсталды

18.02.2025, 14:59

Еліміздегі спортшыларды допингке тексеру күшеюі мүмкін

Қазақстандық MMA шебері допингпен ұсталды
Nomad Wrestling

Қазақстандық файтер Алик Домничтің допинг сынамасынан тыйым салынған препараттар анықталды. Соның нәтижесінде ол спорттан екі жылға шеттетілді.

Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (ITA) мәліметінше, спортшының 2023 жылдың 18 қарашасында алынған сынамаларынан кломифен ізі анықталған. Аталған ұйым оны аралас жекпе-жек спортынан 2024 жылдың 16 тамызынан 2026 жылдың 15 тамызына дейінгі аралықта шеттетті.

Алик Домнич әлемнің жеті дүркін жүлдегері. Қазақстанның 10 дүркін чемпионы. Азия чемпионы.

Айта кетейік, қазақстандық файтерлер алғаш рет допингпен ұсталып отырған жоқ. Бұған дейін Расул Хатаев та тыйым салынған препарат қолданғаны үшін спорттан уақытша шеттетілген еді.

Осы жайттардан кейін Қазақстанда аралас жекпе-жек спортына қатысты допинг бақылауы күшейтілуі мүмкін.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам