Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Шавкатты сындырып тастаймын»: Белал Мухаммад қазақ файтерін қиындықсыз жеңетініне сенімді

17.02.2025, 09:39

Қос файтер Рамазан айынан кейін ғана төбелесітінін бұған дейін ескерткен

«Шавкатты сындырып тастаймын»: Белал Мухаммад қазақ файтерін қиындықсыз жеңетініне сенімді
Getty Images

UFC-де жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Белал Мухаммад (24-3) биыл көктемде титулын қорғау үшін қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен (19-0) жекпе-жек өткізуі тиіс.

Палестинадан шыққан америкалық файтер Белал Мухаммад Шавкатпен былтыр желтоқсанда төбелесуі тиіс болған. Алайда, ол кезде денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартқан еді. Оның алдында да түрлі сылтаумен уақыт созып келген. Бұл жолы Белал қазақты «сындырып тастауға» уәде берді.

«Мен Шавкаттың кемшіліктерін көріп отырмын. Әлсіз тұстарын жақсы білемін. Сондықтан, онымен шыққанда басқа қарсыластарымды сындырғандай, оны да сындырып тастаймын», - деді Белал Barstool Chicago арнасына берген сұхбатында.

Қос файтер өзара ресми келісімге келмеген. Жекпе-жектің нақты өтетін күні белгісіз. Екеуі де Рамазан айының аяқталғанын күтетінін айтып, содан кейін ғана октагонға шығатындарын мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам