
Бұл оның титулға қол жеткізетін соңғы мүмкіндігі болмақ
Еркін күрестен Бейжің Олимпиадасының чемпионы болған америкалық Генри Сехудо 23 ақпанда Вашингтонда қытайлық Сонг Ядонгпен UFC лигасында чемпиондық атаққа таласады.
38 жастағы Генри Сехудо үшін бұл титул жеңіп алуға соңғы мүмкіндігі болуы ықтимал. Себебі бұл жекпе-жектен кейін спортшы мансабын аяқтауы мүмкін. Генри Сехудо 2020 жылы спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлаған. Алайда, 2023 жылы октагонға ол қайта оралып, жекпе-жектер өткізе бастады.
Генри Сехудо еркін күрестен 2012 жылы ұлттық Олимпиадалық іріктеу жарысында жеңіліп, спорттық мансабын аяқтайтынын айтып, аяқ киімін шешіп наразылығын білдірген еді.
Кейін 2013 жылы ол аралас жекпе-жекте (ММА) мансабын бастап, алғашқы жекпе-жегін Майкл Поуға қарсы өткізіп, бірінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
2014 жылы Сехудо ресми түрде UFC-мен келісімшартқа отырып, америкалық балуандар Марк Шульц пен Кевин Джексоннан кейін UFC-да өнер көрсеткен үшінші Олимпиада жүлдегері болды.