Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Конор Макгрегор октагонға оралады: ол қашан және кіммен төбелесетінін ресми хабарлады

01.01.2024, 11:08

Соңғы рет шотландиялық файтер 2021 жылдың шілдесінде төбелескен

Конор Макгрегор октагонға оралады: ол қашан және кіммен төбелесетінін ресми хабарлады
AP / John Locher

UFC лигасының экс-чемпионы, даңқты спортшы Конор Макгрегор (22-6) октагонға қайта оралатынын мәлімдеді. Оның жекпе-жегі маусым айында АҚШ-та өтеді.

«Спорт тарихындағы ең ұлы камбэк (қайта оралу – авт.) Лас-Вегастағы Халықаралық жекпе-жек аптасында болады. 29 маусымда мен Майкл Чендлермен төбелесемін, жекпе-жек орта салмақта өтеді», - деп мәлімдеді Конор әлеуметтік желі арқылы таратқан видеоүндеуінде.

Айта кетейік, Макгрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың шілдесінде шыққан. Ол кезде шотландиялық файтердің аяғы сынып, Дастин Порьеге техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам