
Қазақстандық спортшы бесінші жекпе-жегінде алғаш рет жеңіліске ұшырады
Қазақстандық спортшы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Vegas 103 турнирінің басты жекпе-жегінде португалиялық файтер Манель Капемен (20-7-0) күш сынасты.
Бес раундқа жоспарланған кездесу үшінші раундтың ортасында аяқталды. Асу қарсыласының ауыр соққыларына төтеп бере алмай, октагонды айнала қозғала бастады. Осы сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатып, оның аяқталғанын жариялады.
Осылайша, қазақстандық спортшы UFC-дегі бесінші жекпе-жегінде алғаш рет жеңіліске ұшырады. Бұған дейін ол қатарынан төрт рет жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, 30 жастағы Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесінің рейтингінде 8-орында тұрған, ал 31 жастағы Манель Капе 6-шы орынды иеленген еді.