«Ақталмаймыз»: Асу Алмабаев жеңілісіне қатысты пікір білдірді

02.03.2025, 09:51

Отандасымыз белбеуді әкелуді мақсат етіп отыр

«Ақталмаймыз»: Асу Алмабаев жеңілісіне қатысты пікір білдірді
Видеодан кадр

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC Vegas 103 турниріндегі жеңілісінен кейін алғаш рет пікір білдірді.

Ол өз жанкүйерлеріне алғыс айтып, алдағы мақсаттарын айқындап өтті:

«Барша қолдап жатқан бауырларға көп рахмет! Бір-бірімізді қолдап жүрейік. Құласақ та, көтерілсек те, қолдап жүрейік. Белбеуді алып келемін, иншалла. Сондықтан ер адам болған соң неше түрлі жағдай болады. Ақталмаймыз», – деді спортшы.

Айта кетейік, Асу Алмабаев Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 103 кешінің басты жекпе-жегінде португалиялық Манель Капемен (20-7-0) кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Бұл оның UFC-дегі алғашқы жеңілісі болды. Бұған дейін Алмабаев қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, рейтингте жоғарылаған еді.

Спортшы бұл сәтсіздікке қарамастан, чемпиондық белбеу үшін күресін жалғастыратынын мәлімдеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам