Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Жалғас Жұмағұловты жеңген америкалық UFC файтері тағы бір қазақпен төбелеспекші

03.01.2024, 11:47

Жекпе-жек 4 ақпанда Лас-Вегаста өтеді

Жалғас Жұмағұловты жеңген америкалық UFC файтері тағы бір қазақпен төбелеспекші
Фото ашық дереккөзден

UFC лигасында екінші жекпе-жегіне дайындалып жатқан қазақстандық Азат Мақсұмға жаңа қарсылас табылды. MMA Junkie мәліметінше, ол – америкалық Чарльз Джонсон.

Жоспарға сәйкес, Мақсұм өзге америкалық спортшы Нейт Мэнесспен төбелесуі тиіс болған. Алайда, ол жарақат алып, октагонға шығудан бас тартты.

Енді Мақсұм мен Джонсон 4 ақпанда Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night турнирінде өзара мықтыны анықтайтын болады.

Айта кетейік, Чарльз Джонсон 2022 жылдың қараша айында өзге қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловты жеңген болатын. Енді Азат Мақсұмға отандасы үшін кек алатын жақсы мүмкіндік туып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам