«Туалетке лақтыра салар едім»: Қуат Хамитов боксшы қыздарға берілген сыйақының тым аз екенін айтты

20.03.2025, 11:03

Қазақстан үкіметі әлем чемпионы және жүлдегерлеріне мемлекет бюджетінен сыйақы қарастырған

«Туалетке лақтыра салар едім»: Қуат Хамитов боксшы қыздарға берілген сыйақының тым аз екенін айтты
instagram.com/kuat__khamitov

Атышулы қазақстандық файтер Қуат Хамитов әлем чемпионы атанып келген боксшы қыздарға мемлекеттен берілетін сыйақының тым аз екенін айтып пікір білдірді.

Оның пікірінше, спортшылардың төккен тері мен еткен еңбегі мұндай аз ақша тұрмайды.

«Егер мемлекет маған әлем чемпионы атанып келгенім үшін 15 мың доллар берсе, мен Мұхаммед Әли секілді ол ақшаны медалімен қоса лақтырып тастар едім. Бірақ ол өзенге лақтырды, мен туалетке тастаймын. Бұл ақша жезөкшенің бір түнде табатын ақшасы. Сондықтан, балаларыңды спортқа бермеңдер, бұл барып тұрған мазақ», - деп жазды Хамитов өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан үкіметі әлем чемпионаттарында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларға сыйақы тағайындаған. I орын – 15 000, II орын – 10 000 және III орын – 5 000 АҚШ доллары.

Күні кеше Сербияда аяқталған бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның боксшы қыздары үш алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам