Дияр Нұрғожай UFC-ден кете ма?

19.03.2025, 11:03

Файтердің бапкері жауап берді

Дияр Нұрғожай UFC-ден кете ма?
Getty Images

Күні кеше UFC-де дебютін жасап жеңіліп қалған қазақстандық файтер Дияр Нұрғожайдың аталған лигада қалу-қалмау мәселесі бұған дейін көтерілген болатын. Өйткені, спортшының жеңілуі өз алдына, ол жауапты жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде 2,5 келіні қуа алмаған.

Осыған байланысты Tobet Top Team командасының бапкері Нұртас Әлімбаев жауап берді. Оның айтуынша, Диярда UFC-де тағы бірнеше жекпе-жек өткізетін келісімшарты бар.

«Оның еңсесі түскен жоқ, керісінше жігерленіп октагоға қайта шыққысы келіп отыр. Оның UFC-мен төрт жекпе-жекке келісімшарты бар, сондықтан алда тағы кездесулер болады», - деді ол Naiza TV эфирінде.

Еске салайық, Дияр Нұрғожай 16 наурызда Лас-Вегастағы UFC турнирінде бразилиялық Брендсон Рибейромен төбелесіп, қылқындыру әдісіне түсіп жеңіліп қалған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам