Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Өте тәрбиелі жігіт»: әлемнің экс-чемпионы Шавкат Рахмоновты өзінің батыры санайды

05.01.2024, 09:48

Екеуі Лас-Вегаста танысқан

«Өте тәрбиелі жігіт»: әлемнің экс-чемпионы Шавкат Рахмоновты өзінің батыры санайды
Чемпионат.ру

Жеңіл салмақта UFC лигасының экс-чемпионы Тони Фергюссон (26-10) қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен қалай танысқанын айтып берді. Екеуінің арасындағы жеке кездесу желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде болған деп жазады Championat.

Есте болса, америкалық спортшы аталған турнирдің баспасөз мәслихатында Шавкатпен бірге түскен фотосуретін әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Енді Фергюссон қазақ спортшысын өзінің батыры санайтынын жасырмады.

«Біз баспасөз мәслихатына келіп, енді отырғанымыз сол еді, ол маған Қазақстаннан әкелген шоколадын сыйға тартты. Мен ішімнен «не деген тәрбие, не деген құрмет» деп таңданып қалдым. Ол өте ақкөңіл жігіт. Ол мен үшін енді батыр.

Ол мүлдем артық ауыз сөз айтпады. Артынша клеткаға шықты да, азулы қарсыласын таптап тастады. Шавкатқа жекпе-жек алдында әр нәрсені айтудың қажеті жоқ, ол өзінің мықты екенін клеткада дәлелдейді», - деді Тони Фергюссон.

Ескес салайық, Лас-Вегаста өткен сол турнирде Шавкат Рахмонов америкалық файтер Ствиен Томпсонды екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Ал, ардагер спортшы Фергюссон болса британдық Пэдди Пимблеттен жеңіліп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам