Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Махаббат жоқ, тек жанкүйерімін – Лора Санко Шавкат Рахмонов жайлы

06.01.2024, 09:13

Ол жұмбақ адам дейді АҚШ журналисі

Махаббат жоқ, тек жанкүйерімін – Лора Санко Шавкат Рахмонов жайлы
Фото ашық дереккөзден

UFC журналисті әрі комментатор Лора Санко әріптесі – экс-спортшы Майкл Биспингке берген сұхбатында Шавкат Рахмоновқа көзқарасы жайлы айтты.

Бұған дейін журналист әйелдің қазақ файтеріне ерекше қызығушылық танытқан болатын. Ол тіпті қазақша сөйлеп, Шавкатты шабыттандырған болатын.

«Бірнәрсені түсіндіріп өтейін, Шавкат мен үшін краш емес, мен оның жанкүйерімін! Егер әйел ер адам туралы жақсы сөз айтса – махаббат бар дегенді білдірмейді. Олай болатын болса мен сені де, басқа да спортшыларды жақсы көретін болып шығам ғой… Шавкат та осы менің сүйікті спортшыларымның тізімінде. Басқа ешқандай сезім жоқ. Мен оның ертеден жанкүйерімін. Ол – жұмбақ адам. Өйткені ағылшынша сөйлемейді. Ол жалпы көп сөйлемейді, сонысымен қызық», - деді Санко.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам