Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Әйгілі спортшы Александр Емельяненко ислам дінін қабылдады – бапкер

08.01.2024, 09:30

Ол ішкілікке салынып кеткен болатын

Әйгілі спортшы Александр Емельяненко ислам дінін қабылдады – бапкер
Чемпионат.ру

Universal Fighters клубының бас бапкері, Владимир Минеев, Роман Копылов сынды ресейлік танымал файтерлерді жаттықтырған Расул Магомедалиев әйгілі спортшы Александр Емельяненконың ислам дінін қабылдағанын айтты.

Sports24.ru сайтына сұхбат берген маман Емельяненконың Саудияға барып келгенін және ең бастысы ішімдікке тәуелділіктен арылғанын атап өтті.

42 жастағы спортшы ішімдікке әбден салынып, өткен жылдан бері Ингушетия республикасында емделіп жатқан болатын. Биыл жыл басында ол Медина қаласына барып, тіпті өзіне арабша есім таңдап жатқан сәтінің видеосы да тарап кеткен.

«Мен бұл ұлы спортшы үшін шынымен қуаныштымын. Ислам дінін қабылдағаны үшін ғана емес. Оның дінге келгені айтпаса да түсінікті. Мәселе онда емес. Мәселе мында, ол көз алдымызда өлейін деп жатқан адам еді, оған ешқандай емдом көмектеспеді. Осындай ұлы адамнан айрылып қаламыз ба деген өкініш пен қорқыныш болды. Бірақ, ингуш бауырларымыз оны аяққа тік тұрғызды, сол үшін оларға тек алғыс айтамын. Емельяненко болса енді ішкілікке қайта салынбайды деп сенемін», - деді Расул Магомедалиев.

Оның пайымынша, Емельяненко өзіне Абубакар деген есім таңдаған.

«Мединаға, қажылыққа ислам дінін қабылдамаса бармайды. Сондықтан, мұсылман болды ма, болмады ма деген мәселе бұл жерде жоқ, ол исламға анық келді», - деп сөзін түйді MMA бапкері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам