Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

Шавкат Рахмонов UFC-дің мерейтойлық турниріне қатыса алмайды

18.01.2024, 10:32

Оның жарақаты әлі толық жазылып бітпеген

Шавкат Рахмонов UFC-дің мерейтойлық турниріне қатыса алмайды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық әйгілі файтер Шавкат Рахмонов биыл сәуірде Лас-Вегаста өтетін UFC 300 турниріне қатыса алмайды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Әбдірахманов The All Star тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, «Номад» UFC-дің мерейтойлық турниріне дейін қалыпқа келіп үлгермейді. Сондықтан жанкүйерлер Шавкатты октагонда тек жазда көре алуы мүмкін.

«Дәрігерлер Шавкат Рахмоновқа 6-8 апталық демалыс жазып берді. Жарақатының жазылғанына толық көз жету үшін осыншама уақыт керек. Осыған байланысты Шавкат сәуірде өтетін турнирге қатыса алмайды. Ол келесі-жекпе жегін жазда өткізуді жоспарлап отыр», - деді Әбдірахманов.

Еске салайық, қазақстандық файтер 2023 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста америкалық MMA шебері Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізіп, екінші раундта жеңген болатын. Сол кездесудің алдында ол аяғын ауыр жарақаттап алған.

UFC 297 турниріне орай FONBET «Тәуекелсіз бәс» арнайы акциясын іске қосты! Турнир матчтарынан кемі 3.00 коэффицент болатын экспресс жинаңыз – жеңілген жағдайда тіккен ақшаңыз толығымен сіздің бонустың шотыңызға түседі. Тәуекелсіз бәс тігіп, шотты алғашқы толтырғанға 200 мың теңгеге дейін бонус алыңыз – FONBET сайты және қосымшасында 1bol промокодымен тіркеліңіз!

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам