Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Хабиб Нурмагомедов 40 миллион доллар гонорардан бас тартқан

19.01.2024, 09:54

Ол әкесі қайтыс болғаннан кейін спорттағы мансабын аяқтады

Хабиб Нурмагомедов 40 миллион доллар гонорардан бас тартқан
Фото ашық дереккөзден

Жеңіл салмақта UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовке спортқа қайта оралуы үшін аса ірі көлемде гонорар ұсынылған. Алайда, даңқты файтер ақшадан бас тартқан.

Айта кету керек, бұған дейін америкалық танымал файтер Даниэль Кормье Хабибтің 40 миллион доллардан бас тартқаны туралы мәлімдеген еді.

«Хабиб UFC-ге оралу үшін 40 миллион доллар ұсынғанын айтты. Ол бас тартты. Бірақ, бұл сомаға қанша жекпе-жек өткізетіні туралы айтылған жоқ. «Мен 40 миллион доллардан бас тарттым, бауырым, мен бәрін аяқтадым» деген еді Хабиб», - деді Кормье өзінің YouTube-каналында.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 2020 жылы қазанда өткізіп, Джастин Гэтжиді жеңген болатын. Сол жылы оның әкесі қайтыс болып, ол спорттық мансабын аяқтады.

UFC 297 турниріне орай FONBET «Тәуекелсіз бәс» арнайы акциясын іске қосты! Турнир матчтарынан кемі 3.00 коэффицент болатын экспресс жинаңыз – жеңілген жағдайда тіккен ақшаңыз толығымен сіздің бонустың шотыңызға түседі. Тәуекелсіз бәс тігіп, шотты алғашқы толтырғанға 200 мың теңгеге дейін бонус алыңыз – FONBET сайты және қосымшасында 1bol промокодымен тіркеліңіз!

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам