ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Зәкір Найманбаев алғашқы соққысымен қарсыласын сұлатып түсірді

19.07.2025, 12:29

Жеребе бойынша кездесуді алдымен Хаусли бастады

Зәкір Найманбаев алғашқы соққысымен қарсыласын сұлатып түсірді
скрин видео

Қазақстандық Зәкір Найманбаев Нью-Орлеанда өткен Power Slap 14 турнирінде америкалық Купер Хауслиді бір соққысымен-ақ есінен тандырды.

Жеребе бойынша кездесуді алдымен Хаусли бастады. Найманбаев оның соққысына төтеп беріп, өз кезегінде қарсыласын бірден нокаутқа жіберді.

Бұл – 31 жастағы Зәкір Найманбаевтың Power Slap лигасындағы үшінші жекпе-жегі. Ол биыл 30 қаңтарда Абу-Дабиде Троэль Нильсенді нокаутқа түсіріп, 10 000 доллар бонус ұтып алған болатын. Ал 28 маусымда ереже бұзғаны үшін дисквалификация алды, дегенмен сол жолы да Брайс Джонсонды алғашқы соққымен-ақ сұлатып түсірген еді.

Найманбаев қазіргі таңда Семей қаласында тұрады. Оның шағын отбасылық бизнесі бар, одан қалды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Зәкір – пауэрлифтингтен Азия чемпионы, бір кездері иығына қошқарды салып отырып тұрудан да үздік атанған, сонымен қатар Амиран Сардаровтың «Хача күнделігі» жобасындағы «Шапалақ шайқасына» қатысқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам