Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Нурмагомедов октагонға оралатын болды

26.07.2025, 10:17

Марио Баутистаға қарсы кездесу өткізуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Нурмагомедов октагонға оралатын болды
Фото: © Jeff Bottari / Contributor / UFC / Gettyimages.ru

UFC жұлдызы ресейлік Хабиб Нурмагомедов немере інісі Умар Нурмагомедовтің октагонға оралатынын хабарлады.

Умар биылғы қаңтардан бері жекпе-жекке шыққан жоқ, сол кезде ол грузин Мераб Двалишвилимен өткен кездесуде қолын сындырып алған болатын.

«Кештің басты жекпе-жегі, бес раунд. Уақытың келді, бауырым», - деп жазды Хабиб әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Умар Нурмагомедов америкалық Марио Баутистаға қарсы кездесу өткізуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылы UFC 254 турнирінде өткізді. Сол кезде ол америкалық Джастин Гэтжиді қылқындыру әдісімен жеңіп, мансабын аяқтайтынын жариялаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам