Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Асу Алмабаев: Жаңа деңгейімді көрсетуге дайынмын

25.07.2025, 10:18

Асу Алмабаев пен Хосе Очоа арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Абу-Дабиде өтеді

Асу Алмабаев: Жаңа деңгейімді көрсетуге дайынмын
©IG/asu_zulfikar57

Қазақстандық файтер, UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Асу Алмабаев Абу-Дабиде өтетін келесі жекпе-жек алдында өз пікірін білдірді. Ол қарсыласының ауысуына қатысты ойын айтып, дайындық барысымен бөлісті.

Бұған дейін Алмабаев октагонда өзбекстандық Рамазан Теміровпен күш сынасуы тиіс болған. Алайда Теміровтің допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп, жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Оның орнына перулік спортшы Хосе Очоа жекпе-жекке шығатын болды.

«Шынымды айтсам, қарсыласымның ауысқанына аса ренжіген жоқпын. Ең бастысы – менде қарсылас бар. Кімді берсе де, дайынмын. Жаттығуларды тоқтатпадым, бар күшімді салып дайындалып жүрмін. Сондықтан бұл жаңалыққа сабырмен қарадым», - деді Асу баспасөз жиынында.

Сондай-ақ ол алдыңғы кездесуден кейін командасымен бірге терең талдау жүргізгенін атап өтті:

«Әр жеңіліс – сабақ. Біз соңғы жекпе-жектен кейін барлық қателіктерді қарап, қорытынды жасадық. Осы жолы сол қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Алда болатын жекпе-жекте өзімнің қаншалықты өскенімді және жаңа деңгейге көтерілгенімді көрсетуге ниеттімін», - деп түйіндеді спортшы.

Еске салайық, Асу Алмабаев пен Хосе Очоа арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Абу-Дабиде UFC on ABC 9 турнирі аясында өтеді. Бұл кездесу Асу үшін биыл наурыз айында Манел Капеден алған алғашқы жеңілістен кейінгі қайта оралу мүмкіндігі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам