
Абу-Дабиде Пётр Ян Маркус МакГиді айқын басымдықпен жеңді
Абу-Дабиде өткен UFC турнирінде ресейлік файтер, экс-чемпион Пётр Ян Маркус МакГиді айқын басымдықпен жеңді.
Төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен Ян айқастан кейін жанкүйерлерге алғысын білдіріп, дивизионның қазіргі чемпионы Мераб Двалишвилиді жекпе-жекке шақырды.
«Керемет жекпе-жек болды, Пётр. Құттықтаймын!» - деп жазды Мераб Двалишвили.
«Рахмет, Мераб. Саған да алдағы айқасыңда сәттілік. Енді чемпиондық белбец үшін айқасамыз деп үміттенемін», - деп жауап қатты Ян әлеуметтік желіде.