ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегінің мән-жайы анықталды

Бұл – Катар тарихындағы алғашқы UFC турнирі болмақ.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың алдағы жекпе-жегі жайлы толық ақпарат жарияланды. 

Sport_kor мәліметінше, оның қарсыласы – аса жеңіл салмақта UFC рейтингінде сегізінші орында тұрған америкалық Алекс Перес. Айта кетейік, Перес бұған дейін қазақстандық спортшыға ресми түрде жекпе-жекке шақырған.

Айқас 21 қараша күні Дохада өтеді. Бұл – Катар тарихындағы алғашқы UFC турнирі болмақ.

Еске сала кетсек, Асу Алмабаев соңғы рет 27 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде октагонға шығып, перулік Хосе Очоаны төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңген болатын.

Ал оның қарсыласы, 33 жастағы Алекс Перес, UFC-де 2017 жылдан бері бақ сынап келеді. 2020 жылдың қарашасында ол үш бірдей жеңістен кейін чемпиондық белбеу үшін Дейвесон Фигередомен кездесіп, бірінші раундта «гильотина» тәсілімен жеңіліп қалған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам