Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қуат Хамитов пен Жұман Жұмабеков 10 мың теңгелік жекпе-жектерде төбелескен

24.01.2024, 10:37

Жоба «Темір Орда» деп аталған

Қуат Хамитов пен Жұман Жұмабеков 10 мың теңгелік жекпе-жектерде төбелескен
Фото ашық дереккөзден

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков Naiza TV ютуб-каналына сұхбат беріп, MMA-ға келгенше жабық турнирлерде өзге де танымал спортшылармен бірге төбелескені туралы айтты.

– «Найзаға» келмес бұрын мен Алматыдағы түнгі клубтарда өтетін жабық турнирлерге қатыстым. Жеңсең грамота, медаль және 10 мың теңге беретін. Мен мүмкін болған жердің бәрінде төбелесуге тырыстым. Қайрат Ахметов, Қуат Хамитов та сол жақта төбелескен. Жоба «Темір Орда» деп аталатын.

– Бұл жекпе-жектерде қолғап киетін бе едіңіздер әлде жалаң қолмен төбелес болды ма?

– Саусақтары шошайған қолғаптар киетінбіз. Салмақ дәрежесі деген болмайтын. Мен ол кезд 60-63 келі тартатынмын. Бәрімізді киім ауыстыратын бөлмеге кіргізеді де, сол жерде жұп-жұпқа бөледі. Барлығы 20 файтер болатын. Маған үнемі өзімнен ірі жігіттер түседі, салмағың қанша деп сұрамаймыз, – деді Жұмабеков сұхбат барысында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам