
Файтер өз қолтаңбасы қойылған қолғаптарын сыйға тартты
Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы, UFC октагонындағы жеңілмеген спортшы Шавкат Рахмонов футбол әлемінің беделді тұлғаларымен кездесті.
Ол Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферинге және «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаевқа өз қолтаңбасы қойылған қолғаптарын сыйға тартты.
Бұл ерекше сәтті Шавкат өзінің Instagram парақшасында бөлісті:
«Kairat FC champion. Алға Қазақстан!» — деп жазба жариялады.
Айта кетейік, көпшілік күтіп жүрген «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын 30 қыркүйекке белгіленді. Матч Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші турында Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы – жергілікті уақытпен 21:45.
Бұл – корольдік клубтың Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келуі болмақ.
Толық күнтізбе:
18 қыркүйек. «Спортинг» – «Қайрат»
30 қыркүйек. «Қайрат» – «Реал Мадрид»
21 қазан. «Қайрат» – «Пафос»
5 қараша. «Интер» – «Қайрат»
26 қараша. «Копенгаген» – «Қайрат»
9 желтоқсан. «Қайрат» – «Олимпиакос»
20 қаңтар. «Қайрат» – «Брюгге»
28 қаңтар. «Арсенал» – «Қайрат»