Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Белгілі комик Нұрлан Сабуровтың Хабиб Нурмагомедовпен жаттығу залында жүрген видеосы пайда болды

26.01.2024, 09:28

Жуырда қазақстандық комикке MMA-да төбелесуге ұсыныс жасалған болатын

Белгілі комик Нұрлан Сабуровтың Хабиб Нурмагомедовпен жаттығу залында жүрген видеосы пайда болды
instagram.com/khabib_nurmagomedov/

Қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровтың даңқты UFC-файтері Хабиб Нурмагомедовпен жаттығу залында жүрген видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Аталған видеоны Хабибтің досы Мурад Мачаев өзінің Instagram-парақшасындағы Stories-қа жүктеген. Онда Сабуров пен Нурмагомедов күрес кілемінде өзге спортшылармен сөйлесіп тұрғанын аңғаруға болады.

Дегенмен, Хабибтің өзі Сабуров пен оның серіктеріне үлкен сұхбат бергенін, бірлескен жаттығу болмағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін аралас жекпе-жектегі ресейлік AMC Fight Nights лигасының басшысы Камил Гаджиев Нұрлан Сабуровты MMA-да өнер көрсетуге шақырып, қомақты гонорар ұсынған болатын. Тіпті, оған қарсылас ретінде әнші MAKAN-ды ұсынған. Алайда, қазақ комигі бұл ұсыныстан бас тартты.

Нұрлан Сабуров жас кезінде бокспен шұғылданған. Ол – спорт шеберіне үміткер. Қазір де спорт залына жиі барып, салауатты өмір салтын ұстанады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам