Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ресейде поп-MMA файтері 10-қабаттан құлап кетіп тірі қалды

26.01.2024, 09:08

Оның жағдайы өте ауыр

Ресейде поп-MMA файтері 10-қабаттан құлап кетіп тірі қалды
HFC MMA

Ресейде аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп жүрген файтер Магомед Зайналов көпқабатты ғимараттың 10-қабатынан құлап кетіп, жансақтау бөліміне жеткізілді. Оның таныстары ТАСС агенттігіне берген пікірінде спортшының комада емес екенін, десе де ауыр халде есін біліп жатқанын жеткізген.

Оқиға 24 қаңтарда болған. Мысықты құтқармақ болған Зайналов терезеден өзі ауып кеткен. Ол автокөліктің үстіне құлап тірі қалды. Таныстарының айтуынша, оқиға болған сәтте спортшы сау болған, алкоголь немесе есірткі заттарын қолданбаған.

Ресей жұртшылығына «Веном» лақап атымен танымал болған Зайналов Hardcore FC лигасыенда өнер көрсетеді. Ол соңғы жекпе-жегін Захор Амои есімді файтерге нокаутпен жеңілді. 2 ақпанда Эдуард Кузьминовпен төбелесуі керек болған.

Магомед Зайналов барлығы 15 жекпе-жек өткізіп, оның тек төртеуінде ғана жеңіске жеткен. Он кездесуде жеңіліп, біреуінде тең түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам