
Бұл турнир 25 қазанда өтетін UFC 321 шоудың қарсаңында көрермен назарына ұсынылады
Power Slap 16 турнирінің кардында жаңа жекпе-жек жарияланды. Осы лигада Қазақстан спортшысы Данияр Шахаров алғаш рет өнер көрсетеді.
Данияр Шахаровтың алғашқы қарсыласы — Нигериядан келген Адеринола болмақ.
Кездесу 24 қазанда Абу-Дабидегі Space 42 аренасында өтетін Abu Dhabi Showdown Week аясында ұйымдастырылады.
Бұл турнир 25 қазанда өтетін UFC 321 шоудың қарсаңында көрермен назарына ұсынылады.
Power Slap 16 турнирі қызықты жекпе-жектерге толы болмақ. Басты айқаста жартылай ауыр салмақ чемпионы Рон Бата өз титулын Алан Клинбейлге қарсы қорғайды. Сонымен қатар суперауыр салмақта әйгілі спортшы және блогер Василий Камоцкий мен Макини Ману кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшы Зәкір Найманбаевтың келесі қарсыласы белгілі болған еді. Ол Power Slap ауыр салмақ дивизионының №1 спортшысы, америкалық Дориан Переспен кездеседі.
Бұл жекпе-жек Power Slap 17: Blackburn vs. Young 2 турнирінің екінші басты айқасы (ко-мейн ивенті) ретінде өтеді.
Кездесу 31 қазанда Эр-Риядтағы Mohammed Abdo Arena алаңында ұйымдастырылады.
Осылайша, Данияр Шахаров та, Зәкір Найманбаев та Дана Уайттың әйгілі Power Slap лигасында ел намысын қорғайтын болады.
Егер Найманбаев алдағы айқаста жеңіске жетсе, ол Power Slap лигасында титулдық жекпе-жекке жолдама алуы мүмкін.