Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Азат Мақсұм UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде жеңілді

26.10.2025, 11:47

Осымен Азаттың UFC-мен контракт мерзімі аяқталды

Азат Мақсұм UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде жеңілді
Vesti.kz

UFC-де аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ файтері Азат Мақсұм (15-3) Абу-дабиде өткен UFC 321 турнирінде жеңіліп қалды.

Отандасымыз америкалық Митч Рапозомен (9-3) октагонға шыққан болатын. Жекпе-жек үш раундқа жалғасып, төрешілер шешімімен Рапозо жеңіске жетті, есеп – 30-26, 29-27, 29-27.

Айта кетейік, бұл – Азат Мақсұмның UFC-мен келісімшарты аясындағы соңғы жекпе-жегі. Дана Уайттың ұйымы қазақ файтерімен контрактті жалғастыра ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Ал, Митч Рапозо болса UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол екі рет жеңілген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам