20 жастағы спортшыны тапанша оғы таусылғанша атқан
Ресейлік MMA файтері Магомедрасул Мутаевты атып өлтіріп кетті деп жазады SHOT телеграм-каналы. Қанды оқиға Дағыстан астанасы Махачкалада марқұмның үйінің алдында болған.
Суық қаруланған ер адам 20 жастағы спортшыны тапанша оғы таусылғанша атқан.
Оқиға үй маңындағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Қылмыскер спортшының артынан келіп шабуылдаған.
Күдікті әлі ұсталған жоқ. Полицияға шақырту жергілікті уақытпен 22:30-да келіп түскен. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр.