Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Алмат Кебіспаев ел чемпионатына Азия ойындарының күміс жүлдегерінен ұтылды

02.02.2024, 17:41

Жарыс 5 ақпанға дейін жалғасады

Алмат Кебіспаев ел чемпионатына Азия ойындарының күміс жүлдегерінен ұтылды
olympic.kz

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Елімізге еңбегі сіңген спорт шебері, әлем чемпионатын бес дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев ширек финалда сүрінді. Ол 67 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шығар жолда Мейіржан Шермаханбетпен кездескен болатын. Тартысты белдесуде 9:4 есебімен Мейіржан жеңіске жетті.

Olympic.kz сайтының жазуынша, осы салмаққа ауысқан жамбылдық Дін-Мұхаммед Қошқар да жартылай финалға шығып отыр.

60 келі салмақтағы жартылай финалдық белдесуінде әлем чемпионатының жүлдегерлері Айдос Сұлтанғали мен Мейрамбек Айнағұлов өзара мықтыны анықтайды.

77 келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев, Тамерлан Шадукаевтар жартылай финалға жолдама алды.

87 келіге дейінгі салмақта Мақсат Сайлау, Диас Қален, Азамат Күстібаевтар белдеседі.

Ал грек-рим күресінің аса салмақ дәрежесінде Әлімхан Сыздықов, Мансұр Шадукаевтар жүлдеге таласады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам