Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Есет Қуанов Париж Гранд Слэмінің ширек финалына шыға алмады

02.02.2024, 18:17

Қалған дзюдошылар 3-4 ақпанда татамиге шығады

Есет Қуанов Париж Гранд Слэмінің ширек финалына шыға алмады
olympic.kz

Дзюдодан Париж Гранд Слэмінің алғашқы жарыс күнінде үшінші айналымға дейін жеткен Есет Қуанов шешуші белдесуде жеңіліп қалды. 66 келіде сынға түске отандасымыз бүгінгі жарыс күні бойынша ең нәтижелі күрескен жалғыз қазақстандық дзюдошы болып отыр.

Есет бірінші белдесуде Венесуэла балуанын жеңсе, екінші кездесуінде Молдова спортшысы Раду Извореануды қапы қалдырған болатын. Алайда, ширек финалға шығу үшін Бразилия өкілі Уиллиан Лимамен күрес кезінде отандасымыз үмітті ақтай алмады.

Франция астанасында өтіп жатқан бәсекеде Қазақстан балуандары 3-4 ақпан күндері татамиге шығатын болады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам