Қайрат Копенгагеннен жеңілмейді. Тоттенхэм бейшара халде. Бавария мен Реал тегін 3 ұпайын алады

«Пәтер сыйлады, бірақ бермеді»: Нұрқожа Қайпанов күрес федерациясының әрекетіне налыды

23.11.2025, 18:31

Қайпанов 2024 жылы Венгрияда әлем чемпионатында 70 келіде топ жарған 

«Пәтер сыйлады, бірақ бермеді»: Нұрқожа Қайпанов күрес федерациясының әрекетіне налыды
ҰОК

Еркін күрестен әлем чемпионы атанған Нұрқожа қайпанов бір жылға жуық уақыттан бері өзіне федерациядан сыйға берілген пәтерді әлі алмағанын мәлімдеді.

Аталған жағдай туралы спортшы Нұрсейіт Жылқышыбаймен әңгіме барысында атап өтті.

«Былтыр федерацияның қорытынды жиынында пәтер сертификаты берілді. Бірақ пәтердің өзін беру жағы бір жылдан бері созылып кетті. Сұрап жазған едік, оған федерация тарапынан жауап болмады. Нақты болмай жатыр. Берілсе жақсы болар еді. Пәтерден пәтерге көшіп жүрмін. Қазір Талғарда тұрып жатырмын. Шық деп жатқан жоқ, тек жаттығуға күн сайын қатынап жүрмін. Кептелісте 2-3 сағат тұрамын», - деді балуан.

Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Венгрияда күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатында 70 келіде топ жарған болатын.

Аталған айтулы оқиғадан кейін балуанға Еркін Қожасбай құны қымбат көлік мінгізсе, Ақтөбе облысында кәсіпкерлер 20 жылқы сыйға берді. Ал жыл соңында еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының қорытынды жиынында Демеу Жадыраев пен Нұрқожа Қайпановқа 2024 жылғы жетістігі үшін пәтер сыйлаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам