Қайрат Копенгагеннен жеңілмейді. Тоттенхэм бейшара халде. Бавария мен Реал тегін 3 ұпайын алады

Олимпиада чемпионы атанған АҚШ балуаны аралас жекпе-жекке ауыспақ

Бүгін, 12:15

Спортшы Токиодағы ойындардан кейін ешқандай жарыста күрескен жоқ

Олимпиада чемпионы атанған АҚШ балуаны аралас жекпе-жекке ауыспақ
Mandi Wright / USA TODAY Sports / Reuters

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының чемпионы, америкалық Гейбл Стивсон жақын уақыттары аралас жекпе-жек спортына ауысуы мүмкін.

Аса ауыр салмақта төртжылдықтың басты ойындарында топ жарған спортшы Токиодағы ойындардан кейін ешқандай жарыста күрескен жоқ. Дегенмен оның ұзақ уақыттан бері аралас жекпе-жек спорты бойынша дайындалып жүргені белгілі болды. Желіде жария болған бейнежазбада оның бокс қолғабын киіп, соққы жұмсап жатқаны анық көрінеді.

АҚШ балуаны Токио Олимпиадасының жартылай финалында түріктің даңқты балуаны Таха Ақгүлді, ал финалда Грузияның белгілі спортшы Гено Петриашвилиді жеңіп, жеңістің биік тұғырына көтерілді. Алайда ол еліне оралған халықаралық жарыстарда енді күреспейтінін атады. Соған қарамастан ол тек АҚШ-тың студенттер лигасында өнер көрсетіп келді.

Айта кететін жайт, Токио Олимпиадасында топ жарған балуанға Американың күрес федерациясы 250 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам