Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Тағы бір ресейлік балуан Қазақстан азаматтығын алды

03.02.2024, 12:40

Ол Шымкент атынан күреседі

Тағы бір ресейлік балуан Қазақстан азаматтығын алды
Фото ашық дереккөзден

Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен ел чемпионатында ресейлік легионер Начыын Куулар да өнер көрсетіп жатыр. Ол Қазақстан азаматтығын алған және 65 келіде ұлттық құраманың мүшесі болуға үміткер деп хабарлайды Tengri Sport.

28 жастағы балуан Ресей сапында жүргенде Еуропаның қола жүлдегері атанған.

«Начын Куулар ел чемпионатында Шымкент атынан күреседі. Бірақ, қазір ол халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан белдесе алмайды, өйткені спорттық азаматтығы әлі жоқ», - деп хабарлаған Спорт және дене шынықтыру комиетінен.

Начын Куулар Париж олимпиадасына да бара алмайды. Өйткені, талап бойынша күрес түрлерінің өкілдері жаңа елге ауысқанда 3 жыл әлемдік жарястарға қатыса алмайды.

Тува тумасы 2016, 2017 және 2018 жылдары әскерилер арасында әлем чемпионы атанған. 2017 жылы жастар арасында әлем чемпионы болды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам