Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Абиба Әбужақынова Абу-Даби Гран Слэмінде қола жүлдеге ие болды

29.11.2025, 10:54

Қола жүлде үшін күресте испаниялық Солер Пересті жеңді

Абиба Әбужақынова Абу-Даби Гран Слэмінде қола жүлдеге ие болды
ҰОК

Абу-Дабиде дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды. Отандық татами шебері 48 келіде сынға түсіп, ширек финалға дейін жетті. Ол қола жүлде үшін күресте испаниялық Солер Пересті жеңіп, үздік үштікке қосылды.

Қазақстандық дзюдошы турнир барысында алғашқы айналымды бос өткізді. Ал екінші белдесуінде бельгиялық Майелус Дапаны жеңгенімен, ширек финалда Қытай спортшысына жол берді. Ал жұбаныш белдесуінде Моңғолия балуанын жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Айта кететін жайт, Абиба Әбужақынова аталған сында былтыр қола жүлде иеленген еді. Ол биыл Будапеште өткен әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды.

Бұдан бөлек, Қазақстан дзюдошылары арасында 60 келіде Мағжан Шамшадин алғашқы айналымда БАӘ спортшысынан жеңілсе, осы салмақта Аман Бақытжан ширек финалға дейін жетті. Алайда жұбаныш белдесуінде есе жіберіп, жарысты 7-ші орынмен аяқтады.

66 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен Нұрқанат Серікбаев та іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеге қол жеткізе алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам