Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Софья Берульцева әлем чемпионатының финалына шықты

30.11.2025, 12:34

Алтын жүлде үшін Германия өкілі Йоханна Колено Книрмен кездеседі.

Софья Берульцева әлем чемпионатының финалына шықты
Халықаралық каратэ федерациясы

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындар мен Азия ойындарының чемпионы Софья Берульцева Каирде өтіп жатқан карате әлем чемпионатының жартылай финалында Англия спортшысы Рошель Уолтерсті жеңіп, финалға жолдама алды.

Тартысқа толы жекпе-жек 5:3 есебімен Берульцеваның пайдасына шешілді. Енді ол бүгін алтын жүлде үшін Германия өкілі Йоханна Колено Книрмен кездеседі.

Сонымен қатар, жарыста Дидар Әмірәлі (-67 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Софья Берульцеваның алдын ала кезеңдегі нәтижелері:

  • Софья Берульцева – Исра Бен Тайеб (Тунис): 3:3
  • Софья Берульцева – Мария Коман Кристина (Румыния): 3:3
  • Софья Берульцева – Бао Беднарски Софи (Швеция): 3:1

1/8 финалда ол Италия спортшысы Клио Ферракутиді ұтса, ширек финалда Ингрид Крименсті жеңді.

Мысыр астанасына Қазақстан құрамасынан кумите бағдарламасы бойынша барлығы 8 спортшы аттанған. Айта кетейік, биыл алғаш рет әлем чемпионатына әр салмақ дәрежесі бойынша тек үздік 32 спортшы ғана іріктеліп қатысу мүмкіндігін алды. Іріктеу құрлық чемпионаттары мен Парижде өткен әлемдік турнир арқылы жүргізілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам